Иван Дычко кәсіпқой рингтегі алғашқы айқасына дайындалуда

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық ауыр салмақтағы боксшы Иван Дычко Майамиде кәсіпқой рингтегі алғашқы жекпе-жегіне дайындалуда, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

«Майамидегі Рудный қаласы. Бізбен бірге бапкерлер Сантос, Тайрон Спонг және Айдар Шәрібаев», - деп жазды Иван Дычко Instagram-дағы парақшасында.

null 

Еске салайық, Иван Дычконың кәсіпқой рингтегі дебюті 28 қыркүйек күні Кентуккиде (АҚШ) жоспарланған.

Қазақстандық боксшы Иван Дычко - Олимпиада ойындарының қола жүлдегері, үш мәрте әлем чемпионы, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері. 

null 

Соңғы жаңалықтар