Иван Дычко Голливудтағы айқасының алдында салмақ өлшеу рәсімінен өтті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық кәсіпқой боксшы Иван Дычко (4-0, 4 КО) америкалық Стивен Кирнонмен (2-0, 1 КО) жекпе-жегінің алдында салмақ өлшеу рәсіміне қатысты, деп хабарлайды Sports.kz.

Еске сала кетсек, Левит пен Стивен жекпе-жегі 23 наурызда Голливудтағы (АҚШ, Флорида штаты) бокс кешінде өтеді.

29 жастағы Стивен Кирнон бұған дейінгі кәсіпқой рингтегі кездесуін 2016 жылдың 21 қаңтарында өткізген еді. Сол жолы боксшы жерлесі Уинфрид Бэйлиді жеңген болатын.

Осы бокс кешінде тағы бір қазақстандық боксшы Мұса Тұрсынғалиев рингке шығады.

Соңғы жаңалықтар