Иван Дычко елордадағы жеңісінен кейін АҚШ-та өнер көрсетеді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Суперауыр салмақтағы қазақстандық боксшы Иван Дычконың (11-0, 11 КО) менеджері Зия Алиев боксшымыздың 2022 жылы өтетін алғашқы жекпе-жегі туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz сайтына сілтеме жасап.

«Иван Америкада бокстасады. Жаңа жылдан кейін – қаңтар айында айқасқа дайындыққа аттанады. Ол рингке ақпан айында шығады деп жоспарлануда. Оның жекпе-жегін америкалық телеарна көрсетеді», - деп мәлім етті З.Алиев «Спорт Шредингераға».

Еске салайық, Иван Дычко 18 желтоқсан күні елордада Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай өткен кәсіпқой бокс кешінде өнер көрсетті. Ол бірінші раундта техникалық нокаутпен ресейлік Александр Устиновты (36-5-1, 27 КО) жеңді.

Кештің басты айқасы Данияр Елеусінов (11-0, 6 КО) пен аргентиналық Хуан Эрнан Леаль (15-2, 4 КО) арасында өтіп, кездесу қазақстандық боксшының жеңісімен аяқталды. Д.Елеусінов IBO-ның вакантты белдігін иеленді.

Сондай-ақ кеш барысында Ержан Залилов Ескендір Харсанмен жұдырықтасып, Қазақстан чемпионы атағына ие болды.

Өзге нәтижелер:

1. Иван Дычко (Қазақстан) Александр Устиновты (Ресей) жеңді.

2. Елхан Табынбаев (Қазақстан) Эльмар Абдуллаевты (Әзербайжан) жеңді.

3. Ақниет Әлімбай (Қазақстан) Зайнобиддин Собировты (Өзбекстан) жеңді.

4. Айдар Әмірзақов (Қазақстан) Дильшодбек Исроиловты (Өзбекстан) жеңді.

5. Асқат Жантұрсынов (Қазақстан) Сурат Гараевтан (Әзербайжан) жеңіліп қалды.

6. Сапарбай Айдаров (Қазақстан) Андрей Шеметовты (Украина) жеңді.

7. Айдар Шәрібаев (Қазақстан) Шохрух Абдиевті (Ресей) жеңді.

8. Дәулет Дәукенов (Қазақстан) Эльдорбек Сайдовты (Өзбекстан) жеңді.

9. Ангелина Лукас (Қазақстан) Светлана Василевскаяны (Украина) жеңді.

10. Дәурен Елеусінов (Қазақстан) Али Маммадовты (Әзербайжан) жеңді.

11. Жанқош Тұраров (Қазақстан) Абдумонем Саидты (Мысыр) жеңді.

Бокс кеші «Хабар» телеарнасының тікелей эфирінен көрсетілді.




Соңғы жаңалықтар