Иттің өлексесін сүйреген жүргізуші өз әрекетін түсіндірді

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмолалық полицейлер өлген итті көліктің артына байлап алып сүйреген жүргізушіні анықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Астана маңындағы трассалардың бірінде өлген итті машинамен сүйреп жүргендердің видеосы әлеуметтік желіге тарап, жұрттың наразылығына себеп болған еді.

«Қазіргі кезде видеодағы көліктің жүргізушісі анықталды. Оның түсініктемесі бойынша жергілікті тұрғындар оған автожолдың бойында өлген иттің жатқанын айтқан. Сол себепті иттің өлексесін күл-қоқыс тастайтын орынға апарып тастаған. Қазіргі кезде, осы оқиғаға байланысты тексеріс жүргізілуде», - деп түсіндірді ІІД баспасөз қызметіндегілер.

Еске сала кетсек, Ақмола облысы ішкі істер департаменті жұрттың ызасын келтірген видеоны тексеріп жатқандығы туралы бұған дейін хабарлаған болатын.

Соңғы жаңалықтар