ITF Futures турнирінің жұптық сайысында Аяп Сағадат жеңіске жетті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық теннисші Аяп Сағадат Шарм-ел-Шейхте өткен ITF Futures халықаралық турнирінде жеңіске жетті. Жарыстың жүлде қоры 15 мың доллар, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазақстанның Теннис федерациясына сілтеме жасап.

Турнирдің финалында Аяп португалиялық Франциско Диаспен бірге ресейлік спортшылар Александр Гошин мен Шалва Джанашияны 7:6(4), 4:6, 10:2 есебімен ұтты.

Жартылай финалда Аяп пен Диас ресей-украина дуэті Антон Чехов пен Владислав Орловқа қарсы шықты, есеп 7:6(8),6:4.

Ширек финалда Аяп пен Диас аустралиялық Лауренс Баталжин мен бахрейндік Әли Дашаниді жеңген еді.
Олар жарыстың алғашқы айналымында украиналық Анатолий Петренко мен ресейлік Ян Сабанинді ұтты.
Аяп Қостанайдың тумасы, ол әлемдік рейтингте 637-орында.

Соңғы жаңалықтар