+7 (701) 759 90 19
USD 383.95 EUR 429.26
RUB 6.16 CNY 55.02
Jańalyqtar

Ителгі жыл құсы атанды

2019 жылғы 5 желтоқсан 04:28
Бөлісіңіз:
Ителгі жыл құсы атанды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан биоәртүрлілікті сақтау қауымдастығы (ҚБСҚ) Қазақстанның Құстарды қорғау одағымен бірлесіп 2020 жылдың нышаны болатын құсты таңдап алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат қауымдастықтың сайтына сілтеме жасап.

Қауымдастық мүшелерінің дауыс беруіне күшіген, қоқиқаз және ителгі ұсынылды. Ителгі басқа үміткерлерден көп дауысқа ие болды.

Ителгі - жыртқыш сұңқар құстарының тобына жатады. Ол Қазақстанда сілемді таулар мен ормансыз ашық далалардан басқа жердің бәрінде кездеседі. Әсіресе, Маңғыстау мен Үстіртте, Сарыарқаның жатаған таулы өңірлерінде көп ұшырасады. Еліміздің солтүстігінде ұя салады, Алтай, Тянь-Шань тауларының етегінде қыстайды. Ителгінің қатары 90-шы жылдары қатты сиреп кетті. Оны сол кезде браконьер аулап, араб елдеріне сатқан еді. Ол жақта ителгі саятшылыққа пайдаланылады. Қазір сарапшылар елімізде бірнеше жүз ителгі жұбы ұя салады деп санайды.

Ителгіні шетелге шекарада заңсыз асырып алып кетуге тырысқандар жыл сайын тіркеледі. 2015 жылы ҚБСҚ ителгіні заңсыз трафикке тыйым салу үшін белсенді жұмыс жүргізілетін құстар тізіміне қосты. ҚР ҚМ Кинологиялық орталығымен серіктесіп бірнеше иісшіл ит ителгінің иісін тануды үйретілді.

Айта кетерлігі, Жыл құсы әр жыл сайын таңдалады. Еске сала кетсек, 2019 жылдың символы ретінде дауадақ таңдалған.

Шараның мақсаты – табиғатты қорғау және осны насихатту үшін әртүрлі шара ұйымдастыра отырып тұрғындар назарын құстарға аудару.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Экология,
Бөлісіңіз:

Автор:

Жәнібек Амангелді

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT