+7 (701) 759 90 19
USD 385.76 EUR 427.89
RUB 6.04 CNY 54.79
Jańalyqtar

ITB Berlin көрмесіне келушілер қымыздан коктейль ішіп, құрт жасауды үйренеді

2019 жылғы 7 наурыз 11:23
Бөлісіңіз:
ITB Berlin көрмесіне келушілер қымыздан коктейль ішіп, құрт жасауды үйренеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан әлемдегі ең ірі халықаралық туристік көрме - ITB Berlin-ге қатысып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат Мәдениет және спорт министрлігіне сілтеме жасап.

Биыл әлемнің ең ірі туристік шараларының біріне 181 елден 10 мыңнан аса адам, туристік бизнестің 100 мыңнан аса кәсіби маманы қатысады деп күтілуде. Кеше ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлының және Қазақстанның Германия Федеративтік Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі Болат Нүсіповтің қатысуымен көрмедегі қазақстандық стендтің ашылу салтанаты өтті.

Ресми ашылудан кейін стендте «Kazakh Tourism» ҰК» АҚ және Messe Berlin арасында берлиндік көрменің аналогы ITB Eurasia көрмесін келесі жылы Астанада өткізу жөніндегі келісімге қол қойылды. ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің туризм индустриясы комитеті және Алматы қаласы туризм басқармасы ұйымдастырған қазақстандық стендтің негізгі концепциясы - еліміздің мәдениеті және этника болды.


null

Биыл Берлин қаласындағы көрмеде «Kazakh Tourism» ҰК» АҚ ұлттық тағамдарға, көшпелі өркениет мұрасына, Қазақстанның мәдени және табиғи орындарына ерекше мән беріп, этникалық және мәдени туризм тақырыбын ұсынды. Стендте өтетін шеберлік сыныптарында қонақтарымыз құрт және жент жасауды, сазсырнай музыкалық аспабын жасауды үйрене алады. Сондай-ақ көрмеде бірегей «бармен-шоу» өтпек: қонақтарға қымыздан жасалған түрлі коктейльдерден дәм татуға мүмкіндік беріледі.


null

Осылайша, 5 күн ішінде қазақстандық стендті тамашалаушылар еліміздің мәдениетімен және салт-дәстүрімен танысады. Бұған қоса, көрмеге келушілер Бозжыра шатқалы бейнеленген фотозонаның алдында суретке түсіп, виртуалды шындық көзілдірігін тағып көріп, дәстүрлі дастархан түрінде жасалған арнайы b2b аумағында қазақстандық туристік компаниялармен келіссөз жүргізе алады.


null

Көрмедегі қазақстандық делегация құрамына 30-дан аса адам кіреді, оның ішінде елге турист әкелуші туристік компаниялардың, қонақ үйлер мен өңірлік туризм басқармаларының өкілдері бар.


null

Айта кетейік, өткен жылы Германиядан Қазақстанға 100 мыңға жуық турист келген.


null

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT