Италияның солтүстігінде қуаңшылықтан күріш түсімі 30% азаюы мүмкін
2022 жылғы 4 шілде 00:15

Италияның солтүстігінде қуаңшылықтан күріш түсімі 30% азаюы мүмкін

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Италияның солтүстігінде қуаңшылық болып жатыр. Елдегі суы ең мол өзен Подағы су деңгейі соңғы 70 жылдағы ең төменгі межеге жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат агенттігі Euronews-қа сілтеме жасай отырып.

Бұл табиғат құбылысы өңірдегі мал шаруашылығы мен күріш егістігіне зардабын тигізіп отыр. Елдегі аграршылардың ең ірі кәсіподағы күріш егушілер өнімі жылдағыдан 30 процент кем болуы ықтимал екенін мәлімдеген.
Антициклонның әсерінен күн қатты ысып, ел астанасының тұрғындары, сондай-ақ жабайы жануарлар зардап шегуде. Рим зоопаркінің қызметшілері жануарларға қатырылған жеміс, ет және балық беріп жатыр. Апенин түбегіндегі көптеген қалаларда субұрқақтар тоқтады.
Ал Верон шаһарының билігі бұдан да қатал шектеу енгізді: жаз өткенше ешкім ауызсуды бақша мен бауды суаруға, көлік жууға, бассейнге қолдана алмайды. Кімде-кім талапты бұзса, 500 еуро айыппұл салынады.

Ұқсас жаңалықтар

Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT