Италияның Генуя қаласында көпірдің құлауына байланысты төтенше жағдай жарияланды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Италияның премьер-министрі Джузеппе Конте Генуя маңындағы көпірдің құлауына байланысты 12 айға ТЖ режімін енгізілетінін жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат ресейлік ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

«Біз Джованни Тотидің (солтүстік италиялық Лигурия облысы әкімшілігінің басшысы - авт.) 12 айға ТЖ енгізу туралы ұсынысын қабыл алдық», - деді ол Министрлер кеңесінің шұғыл отырысынан кейін өткен баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, қайғылы оқиға салдарын жою үшін €5 млн қажет болады. Лигурия облысы әкімшілігінің басшысы Джованни Тоти Генуяның маңайындағы көпірдің құлауына байланысты сәрсенбі күні елдің орталық үкіметіне ұлттық төтенше жағдай режімін енгізу туралы өтініш білдерген.  Генуя қаласы Лигурияның әкімшілік орталығы екені белгілі.

Қалалық префектураның мәліметінше, көпірдің күйреуі салдарынан 39 адам қаза тапқан. Зардап шегіп, ауруханаға жеткізілген он алты адамның он екісі ауыр халде жатыр. Оқиға орнынан 632 адам эвакуацияланды, басым көпшілігі із-түссіз жоғалған.

Еске сала кетсек, 14 тамызда Генуяда автокөлік көпірі қирады. Аспалы көпір Генуяны Франция шекарасындағы Вентимилья қаласымен жалғастыратын Жерорта теңізі жағалауындағы А10 магистрелінің бір бөлігі. Көпірдің биіктігі 50 метр болған.

Соңғы жаңалықтар