Италияның бұрынғы СІМ басшысы: Астана процесі - уақтылы қадам

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Сириядағы мәселелер бойынша Астана процесі дәл уақтылы қадам болып отыр». Елорданың 20 жылдығына арналған «Астана - бейбітшілік қаласы» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясында Италияның бұрынғы Сыртқы істер министрі Франко Фраттинини осылай деп мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Мен Астанада 2010 жылы болғанмын. Ол кезде италиялық үкіметтің атынан Астанаға саммитке (ЕҚЫҰ саммиті - авт.) жол түскен еді. Сол кезде Астана декларациясында қойылған мақсат-міндеттерді ұғынып қайтқан едім. Арада жылдар өтіп, бүгінгі күні менің ойымша, жаңғыру бағытында декларацияда көрсетілгендей айтарлықтай жұмыстар жүргізілген. Десе де, әлі де жаңғыртарлық шаруа да жоқ емес. Себебі, Астана декларациясы жаһандық деңгейде үлкен алға басушылыққа қол жеткізуге мүмкіндік берді. ЕҚЫҰ бәлкім, осыған байланысты әлі де шешуші ойыншылардың бірі болып қалуы мүмкін», - дейді ол.

Франко Фраттинини өз сөзінде шағын ғана мысал келтіре келтті.null

«Бірнеше күн бұрын мен түбекке (...) қатысты ЕҚЫҰ-ға төрағалық беру туралы Рим хаттамасына қол қойдым. Біз бір үстелде Украина, АҚШ, Ресей секілді елдермен бесжақты келісімге қол қойдық. Олар бес мәселе бойынша келісімге келді. Мен осы ретте өзара шиеленісі бар барлық тараптар ортақ мәмілеге келе алатындай ЕҚЫҰ шешуші құрал болып табылатынын айта кеткім келеді», - дейді Франко Фраттинини.

Оның айтуынша, Сирия мәселесі - барлық ірі ойыншылармен жаһандық деңгейде бірлесе талқылайтын мәселе.

«Астана декларациясында жаһандық маңызды мәселелерге орын берілген болатын. Нақтырақ айтқанда, Еуроатлантикалық және Еуразиялық бірлестік туралы сөз қозғалды. Бұл қауіпсіздікке қатысты мәселелердің шешіміне арналған жаһандық жүйе. Екіншіден, Таяу Шығыстағы жағдайды ретке келтіру. Бұл дағдарыс аумағы. Бұл да барлық ірі ойыншылармен жаһандық деңгейде бірлесе талқылайтын мәселе. Сирия және Ливия... Бұл италиялық сыртқы істер саласындағы жұмыстардың басымдығы болып табылады. Осы ретте айта кетерлігі, Сириядағы мәселелер бойынша Астана процесі дәл уақтылы қадам дер едім. Президент Нұрсұлтан Назарбаев дәл осы жұмысты кешіктермей атқарып жатыр», - деді Франко Фраттинини.

Айта кетсек, Астананың 20 жылдығына арналған халықаралық конференцияны Елбасы кітапханасы, ҚР Сыртқы істер министрлігімен, ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы Қорымен бірлесе ұйымдастырып отыр.

Соңғы жаңалықтар