Италияның бұрынғы премьер-министрі Сильвио Берлускони дүниеден өтті

None
РИМ. ҚазАқпарат – Италияның бұрынғы премьер-министрі Сильвио Берлускони 87 жасында дүниеден озды. ҚазАқпарат бұл туралы Corriere della Sera басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Биылғы сәуір айында Берлускони өкпенің қабынуымен Миланның «Сан-Раффаэле» ауруханасына түсіп, одан миеломоноцитарлы лейкоз (соның аясында өкпесі қабынған) анықталған еді. Ол кезде саясаткер дәрігерлер бақылауында бір ай жатып, химиотерапия курсынан өте бастады.

9 маусымда ол ауруханаға қайта жатқызылған болатын.

Сильвио Берлускони – италиялық мемлекеттік және саяси қайраткер, бизнесмен, медиамагнат.

Ол Италия Үкіметін төрт рет басқарған: 1994-1995, 2001-2005, 2005-2006, 2008-2011 жылдар аралығында.

1986 - 2016 жылдары «Милан» футбол клубына иелік етті. Mediaset тележелісінің негізін қалаушы. Forbes тізіміне енген дәулетті адамдардың бірі.


Соңғы жаңалықтар