Италиялық кәсіпкерлер Қазақстанның инвестициялық жобаларымен танысты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Дүниежүзілік EХРО-2017 көрмесінің корпоративтік павильонында ЕХРО BtoBe базасында қазақстандық және италиялық бизнесмендердің кездесуі өтті, деп хабарлайды ұйымдастырушылар.

Іскерлік орта өкілдерінің кездесуіне 60-қа жуық компания қызметкерлері қатысты. Ломбардия өңірінің италиялық компаниялары өздерінің мұнай-газ, механика, тұрмыстық техника, косметология мен фармация, тоқыма, интерьер дизайны салаларындағы жобаларын таныстырды.

Қазақстан өкілдері кездесуде құрылыс, мұнай-газ, атом, теміржол, фармацевтика, денсаулық сақтау, авиация, мерамхана және жиһаз салаларындағы ірі және шағын және орта компанияларын таныстырды.

В2В форматындағы келіссөздер барысында екі елдің кәсіпкерлері өзара ынтымақтастықтың одан арғы қадамдарын талқыға салып, Қазақстанның инвестициялық жобаларымен танысты.

Ломбардия өңірінің министрі Антонио Россидің айтуынша, Қазақстан мен Италия бизнесмендерінің өзара ықпалдастығы мен олардың бір-бірімен ынтымақтастықта қызмет етуге деген ұмтылысы екі елдің сауда-экономикалық қарым-қатынастарын дамыту әлеуетінің зор екендігін көрсетті.

«B2B форматындағы кездесулер тек серіктестер мен инвесторлар тауып қана қоймай, бизнесін әлемдік талаптар негізінде дамытқысы келетін компаниялар үшін өте тиімді»,-деді Росси өзінің сөзінде.

Соңғы жаңалықтар