+7 (701) 759 90 19
USD 378.60 EUR 417.75
RUB 6.13 CNY 54.58
Jańalyqtar

Италиялық хирург алматылық қыздың тамағына ота жасап, дауысын қайтарды

2019 жылғы 11 желтоқсан 01:20
Бөлісіңіз:
Италиялық хирург алматылық қыздың тамағына ота жасап, дауысын қайтарды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда əлемдік оторларингология саласының үздік хирургы Роберто Пужеду Санжар Асфендияров атындағы ҚазҰМУ жанындағы Ақсай университеттік клиникасында бірегей ота жасады, деп хабарлайды ҚазАқарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Бірдей дәрі-дәрмектің бағасы дәріханаларда неге әртүрлі – комитет жауабы Қазақстан Қытайдағы коронавирусқа байланысты шекарада бақылау шараларын күшейтті Қазақстан тұрғындарының 11%-ына тұмауға қарсы вакцина егілді

Ол баланың көмейіндегі ісікті алып тастады. Көмей папилломатозы қатерсіз ісік түріне жатады.

Бұл көбінесе адам папилломасы вирусының 6 жəне 10 түрлерін тасымалдаушы боп отырған адамдарда кездеседі. Бұл дертке шалдыққан адамдар көбінесе сөйлеу қабілетінен айрылып қалады.

Санжар Асфендияров атындағы ҚазҰМУ ЛОР кафедрасының меңгерушісі Айгүл Медеулованың айтуынша, бүгінде Қазақстанда жүздеген кішкентай пациент осындай отаға мұқтаж. Арасында асқынулар жиі болады. Өйткені, папиллома өскен кезде қайтадан ота жасауға тура келеді.

Бүгінде Қазақстанда осындай күрделі оталар тек Нұр-Сұлтандағы Ана мен бала орталығында жəне Алматыдағы Ақсай емханасында жасалады.

Дəрігерлер бұл ауруды хирургиялық емдеу күрделі отаға жататынын айтты. Себебі, балалардың 45%-ы трахеостомиялық трубкамен жүруге мəжбүр болады. Балалардың даусы шықпай қалады, демалысы қиындайды. Ең алдымен кішкентай пациентердің трубкалардан құтқарып, толық демалысына мүмкіндік беру көзделеді. Ақсай емханасында күзде 7 балаға ота жасалса, олардың 2 ғана өздігінен демалып кетті.

Итальяндық хирург Роберто Пужеду 16 адамға ота жасайды. Олардың бірсыпырасында көмей қатерсіз ісігі болса, кейбіреулері жол апатынан жарақат алған.

13 жастағы қыз бала көпбалалы отбасынан шыққан. 10 жылдан бері трахеостомиялық трубкамен жүруге мəжбүр болған.

«Қыз мұрынмен демалмайды. Сөйлеуден жаңылып қалған. Профессор Роберто Пужеду өз практикасында бірінші рет осындай жағдаймен кездескен. Қыздың аузы мен жұтқыншағынан бастап трахеясына дейін ұсақ өскіндер басып кеткен. Қазір бала мұрнымен демала бастады. Алғашқы сөздерін айта бастады. Бір айдың ішінде даусы шығады деп ойлаймыз», - деді Айгүл Медеулова.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Алматы, Медицина, Қоғам,
Бөлісіңіз:

Автор:

Гүлмира Ғосманәли

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT