+7 (701) 759 90 19
USD 388.96 EUR 432.21
RUB 6.09 CNY 54.99
Jańalyqtar

Италиялық 52 градус аязда 40 шақырымды жаяу жүгірді

2019 жылғы 12 ақпан 19:09
Бөлісіңіз:
Италиялық 52 градус аязда 40 шақырымды жаяу жүгірді

ЯКУТСК. ҚазАқпарат - Экстремал Паоло Вентурини Якутияда 52 градус аязда 40 шақырымға жуық марафонды жүгіріп өтті. Бұл қашықтықты ол 3 сағат, 54 минут, 10 секундта еңсерген, деп хабарлайды ТАСС агенттігі.

Былтыр итальяндық ультрамарафоншы ауа температурасы плюс 67 градусқа дейін жеткен Иран шөлін жүгіріп өтіп, өз ағзасының мүмкіндіктерін тексеріп шықты. Якутияның тайгасы арқылы Жер бетіндегі ең суық екі жер - Оймякон мен Томтор ауылдарының арасында 40 шақырымды жүгіріп өту Паоло Вентурини үшін тағы бір сынақ болды.

50 жастағы итальяндық азамат өз мансабының көп бөлігін Падуи полициясының арнайы бөлімшесіне арнаған. Ол таулы жерлер, теңізде, дүлей апаттар кезінде талай күрделі құтқару операцияларына қатысқан.

«Тек өзіңді емес, басқа адамдарды да ойлауың қажет. Осындай жүгіру маған және басқаларға экстремалдық жағдайда адамдардың өмірін құтқарып қалуға дайындық, дағдыларымды сынақтан өткізуге көмектеседі», - дейді П.Вентурини.

Максималды төмен температура жағдайында классикалық марафон бойынша рекордқа жету үшін жаттығуға шамамен бір жыл уақыт жұмсалды. Тиісті шынықтырса, адам ағзасының мүмкіндіктеріне шек жоқ, деп сенімді Вентурини.

«Осындай жүктемеге бәрі бірдей шыдай алмас. Әрине, ол үшін ағзаны шынықтырып, ерік-жігерің болуы тиіс», - деп атап өтті спортшы.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Спорт, Әлем,
Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT