Италиядағы жарыста Қазақстанның биатлон құрамасына тінту жасалды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін таңертең италиялық полицейлер осы күндері Антхольцта өнер көрсетіп жатқан биатлоннан Қазақстан құрамасының орналасқан мекен жайында тінту жүргізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Халықаралық биатлоншылар одағына (IBU) сілтеме жасап.

«Халықаралық биатлоншылар одағы 2017 жылы Хохфильценде  өткізген Әлем чемпионатына байланысты Австрия қылмыстық органдары жүргізген тергеу нәтижесі бойынша және Больцано прокурорының ордеріне сәйкес, италиялық полицейлер тінту жүргізді. Тінту биатлоннан Қазақстан құрамасы орналасқан мекен жайда және олардың көліктерінде жүргізілді. Тінту нәтижесі әлі белгісіз. Халықаралық биатлоншылар одағы тінту нәтижесі алынғаннан кейін ғана ресми түрде тексеріске кіріседі», - делінген IBU сайтында.

Атап өтілгендей, полицейлер тыйым салынған препараттарды іздеген.

Еске салайық, бұл биатлоннан ҚР құрамасымен болып отырған бірінші оқиға емес. Өткен жолы Еуропаның жанар май құю бекеттерінің бірінде қоқыс  жәшігінен қазақстандық спортшылардың құжаттары мен дәрі-дәрмектердің қалдықтары табылған болатын. Осыдан кейін құрамаға тінту жасалды.

Осы күндері Италияның Антхольц-Антерсельва елді мекенінде биатлоннан әлем кубогының алтыншы кезеңі өтіп жатыр. Онда Қазақстанның ерлер және әйелдер құрамасы сынға түсуде. 

19 қаңтар күні әйелдер мен ерлер арасында жарыстар спринттен, 20 қаңтарда ізге түсу сайысынан өтті. 21 қаңтар күні масс-старттан жоспарланған. 

Соңғы жаңалықтар