Италиядағы рэп-концертте алты адам қаза тауып, 60-тан астамы ауруханаға түсті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Кеше түнде Италияның шығыс жағалауында орналасқан Анкона қаласындағы түнгі клубта болған рэп-концертте кем дегенде алты адам қаза тапты, деп хабарлайды Би-би-си.

Құтқарушылардың сөзіне қарағанда, залдағы қайғылы оқиғаға газ баллонынан шыққан газ себеп болуы мүмкін.

Reppublica басылымының жазуынша, қайтыс болғандардың бесеуі жасөспірім - екі бозбала және үш қыз, ал алтыншысы концертке қызымен келген әйел. Сондай-ақ жүзден астам адам зардап шеккен болуы мүмкін, 12-сі қазір ауруханада хал үстінде жатыр.

Бірақ бұл ақпарат әлі ресми түрде расталған отыр. Жергілікті құтқарушылар Туиттерде ондаған адамның зардап шеккенін мәлімдегенімен, ешқандай нақты цифр айтқан жоқ.

nullnullnull

 

Соңғы жаңалықтар