Италиядағы Қазақстан елшілігінде жедел штаб құрылды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Италияда 1800 қазақстандық азамат бар. Бұл туралы брифингте ҚР СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Біздің мәлімет бойынша, Италияда 1800 қазақстандық азамат бар. Оның 673-і консулдық есепте тұр. Италиядан Қазақстанға тікелей рейс жоқ, көбіне үшінші мемлекет арқылы жүреді. Біздің елшілікте жедел штаб құрылды, олар әлеуметтік желі арқылы жағдайды баяндап, бақылауда ұстап отыр. Ауру жұқтырған және ауру жұқтыруы мүмкін азаматтар арасында қазақстандықтар жоқ», - дейді Айбек Смадияров.

Сондай-ақ, ол қазақстандық азаматтарды Еуропадан қайтарудың қиындықтары туралы айтты.

«Еуропа рейстерінің қиындығы аз емес. Кез келген азамат Еуроодаққа мүше елдердің кез келгеніне шекараны кесіп өтіп, арнайы мөрсіз бара алады. Бұл туралы ешкім білмей де қалады. Біз еуропалық серіктестермен келіссөз жүргізіп жатырмыз. Еуропалық билік шешім қабылдауда. Жақын арада жауабын айтады», - дейді ол.


Соңғы жаңалықтар