Италиядағы аптап ыстық: 11 қалада қауіптіліктің ең жоғары деңгейі жарияланды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Италия Денсаулық сақтау министрлігі ауа райының қатты ыстық болуына байланысты елдің 11 қаласында, соның ішінде Римде, қауіптіліктің ең жоғары қызыл деңгейін жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат ведомствоның сайтына сілтеме жасап.

Денсаулық сақтау министрлігінің болжамына сәйкес, 12 тамыз күні Италия астанасында, Анконада, Болоньеде, Больцанода, Кампобассода, Флоренцияда, Фрозинонеде, Латинеде, Перужде, Риети мен Триестеде Цельсий бойынша 38 градусқа дейін аптап ыстық күтілуде. Сейсенбі, 13 тамыз күні, ескерту тек Кампобассо, Фрозиноне, Палермо, Перудже, Риети мен Рим қалаларына қатысты болады. Алайда, синоптиктердің болжауына сәйкес, 12 тамызда Апенниннің солтүстігінде жауын-шашын болуы мүмкін.

Жергілікті БАҚ өкілдерінің айтуынша, дүйсенбі бұл аптаның ең ыстық күніне айналмақ.


Соңғы жаңалықтар