Италияда жекеменшік ұшақ үйге соғылып, сегіз адам қаза тапты

Фото: None
МИЛАН. ҚазАқпарат – Милада жекеменшік ұшақ әуежайдан ұшып шыққаннан кейін көп ұзамай кеңсе ғимаратына соғылған. Борттағы сегіз адамның барлығы қаза тапқан. Ғимарат бос болған, жерде ешкім зардап шекпеген, деп хабарлайды ҚазАқпарат ВВС-ге сілтеме жасап.

Ұшақ Миланның Линате әуежайынан ұшып шыққан және Сардиния аралына бет алуы керек еді, бірақ Миланның шетінде құлаған.

Куәгерлердің айтуынша, ұшақ үйге құлап, жарылған.

Жергілікті БАҚ-тың мәліметінше, қаза тапқандардың ішінде бала да бар.

«Ұшақ қозғалтқыштарын өшіргендей дыбыс естідім. Содан кейін өте қатты жарылыс болды. Әйнектеріміз дірілдеді. Мен терезені ашып, будақтаған түтіннің көтеріліп жатқанын көрдім», - деді Рейтер агенттігіне жергілікті тұрғын Джузеппе.

Rai TV телеарнасы хабарлағандай, ұшақ бортында француздар болған, бірақ бұл ақпарат ресми түрде әзірге расталған жоқ.

Апат Миланның оңтүстік-шығысындағы Сан-Донато Миланезе метро станциясына жақын маңда болған.

Ғимараттағы өрт көп ұзамай сөндірілді.

Соңғы жаңалықтар