+7 (701) 759 90 19
USD 405.69 EUR 455.51
RUB 5.72 CNY 57.42
Jańalyqtar

Италияда вирустың таралуы бәсеңдей бастады - Le Figaro

2020 жылғы 3 сәуір 16:35
Бөлісіңіз:
Италияда вирустың таралуы бәсеңдей бастады - Le Figaro

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Соңғы екі аптада Еуропа бойынша Италияда коронавирустың таралуы жылдам өршіп жатыр. Италия халқы пандемияның шарықтау шегін күтуде. Себебі одан кейін жадай оңалады деген үміт бар, деп жазады Le Figaro.

Ұқсас жаңалықтар
Ғаламдық ауқымда коронавирустың таралу қарқыны тек қана өсіп жатыр – ДДҰ Өзбекстанда коронавирус жұқтырғандар саны 8 мыңнан асты Өзбекстанда коронавирус жұқтырған 18 адамның жағдайы ауыр

«Италияда жалпыұлттық карантин жарияланғаннан кейін 20 күн өткен соң Денсаулық сақтау министрінің орынбасары Италияда коронавирус пандемиясы 7-10 күннен кейін шарықтау шегіне жетеді деп мәлімдеді. Ал Денсаулық институтының директоры Сильвио Брусаферроның айтуынша, Италияда коронавирус жұқтырғандар саны азаймағанымен, вирустың бәсеңдеуі байқалады. Дегенмен, бұл жағдайды сақтап қалу үшін карантин мен оқшаулану тәртібін бәсеңдетіп алмау керек» деп жазады басылым.

Мамандардың айтуынша, Италияда 19-29 наурыз аралығында күніне 5-6 мың адамның вирус жұқтырғаны анықталып отырса, 30-31 наурызда бұл көрсеткіш күніне 4-5 мың адамды құрады.

«Ломбардиядағы инфекция ошағы саналатын Кодого мен Бергамода, яғни, алғашқы инфекция ошағында жедел жәрдем көмегіне жүгіну екі есе азайды. Мамандардың айтуынша, қабылданған шешімдер 38 мың адамның өлімінің алдын алған» деп жазады автор.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айкүміс Болатбек

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059
REDAKTOR
Алтынбек Кумарзак
Алтынбек Кумарзак
954-059

MURAǴAT