USD 434.84 EUR 498.2
RUB 5.72 CNY 68.47
Jańalyqtar

Италияда вакцина алмағандар үшін қатаң шектеулер енгізіледі

2021 жылғы 8 желтоқсан 03:44
Бөлісіңіз:
Италияда вакцина алмағандар үшін қатаң шектеулер енгізіледі

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Италияда «омикрон» штамының өршуіне байланысты вакцина алмаған азаматтар үшін қатаң шектеулер енгізіледі. Бұл туралы ҚазАқпарат Covid-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК телеграм каналына сілтеме жасап хабарлайды.

Ұқсас жаңалықтар
Канадада вакцина алмаған азаматтарға салық салынуы мүмкін Еуропа халқының 50% астамы коронавирустың «омикрон» штамын жұқтыруы мүмкін

Дүйсенбіден бастап вакцинация паспорты жоқ адамдар қоғамдық іс-шараларға қатыса алмайды. Вакцинация паспортында вирусқа қарсы қабылдаған вакцина немесе соңғы алты айда COVID-19-бен ауырып, сауығып шыққандығы туралы мәліметтер көрсетіледі.

Бұдан былай жұмыс орнына кіру, қоғамдық көлікте жүру, театрларға, кинотеатрларға, концерт залдарына, спорттық іс-шараларға, мейрамханалар мен барларға кіру үшін «жасыл паспорт» қажет болады. Пандемия жарияланғаннан бері Италияда өлім - жітімнің ең жоғары деңгейі тіркелді - 134 000-нан астам дерек.
Дүйсенбі күні Нью-Йоркте 5 жастан 11 жасқа дейінгі балаларды COVID-19-ға қарсы иммундауға рұқсат етілді. Мэр Билл де Блазионың мәлімдемесінде АҚШ-тың халқы ең көп шоғырланған қаласы 27 желтоқсанға дейін 184 мың кәсіпорын қызметкерлерінің вакцина қабылдағаны туралы дәлелдерді ұсынуы керек. Мейрамханаларға бару, спорттық, оркестр және би сияқты мектептен тыс үйірмелеріне қатысу үшін 14 желтоқсанға дейін 5 жастан 11 жасқа дейінгі балалар вакцинаның кем дегенде алғашқы дозасын қабылдап, ал 12 жастан асқан жасөспірімдер 27 желтоқсанға дейін толық имундаудан өтуі керек.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER

MURAǴAT