Италияда үкіметтің жаңа құрамы жасақталады
Джорджа Мелонидің мәліметінше, Европарламенттің бұрынғы басшысы, Сильвио Берлусконидің «Алға, Италия» партиясының вице-төрағасы Антонио Таяни Сыртқы істер министрлігін басқарады. Ал «Лига» партиясының көшбасшысы Маттео Сальвини инфрақұрылым және көлік министрі болады. Еуропалық ықпалдастық мәселелері жөніндегі министр портфелі еуродепутат, консерватор Раффаэль Фиттоға бұйырды.
Джорджа Мелонидің үкімет басшысы лауазымындағы жұмысы энергетикадағы дағдарыс пен инфляцияға қатысты көптеген қиындықтармен ұштасатын болады. Елдің бюджеттік дефициті ЖІӨ 150% жетті. Бұл Еуропалық одақтағы ең үлкен көрсеткіштердің бірі.
Д.Мелони жетекшілік ететін «Италия бауырлары» партиясы ресми мәліметтерге сәйкес, сайлаушылардың төрттен бір дауысына ие болды.
Фото: euronews.com