Jańalyqtar
Италияда туристер мінген автобус аударылды: Жапа шеккендер ішінде ҚР азаматтары бар
2019 жылғы 22 мамыр 19:02
Бөлісіңіз:

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін Италияның Сиена провинциясында шетелдік туристер бар автобус аударылды. Көлік апатының салдарынан бір адам қайтыс болды, шамамен он адам түрлі жарақаттар алды, деп хабарлайды ҚР СІМ баспасөз қызметі.
«Барлық зардап шеккендер жергілікті ауруханаларға жеткізілді, төртеуі ауыр жағдайда. Алдын ала деректер бойынша, апатта зардап шеккендердің арасында қазақстандық азаматтар бар» делінген хабарламада.
Мәліметке сай, қазақстандық консул Рим қаласынан оқиға болған Сиена провинциясына жолға шықты. Толығырақ ақпарат оқиғаның барлық мән-жайын анықтағаннан кейін беріледі.
Пікір қалдыру
Сондай-ақ... оқыңыз
- Оралда гараждағы өрттен әйел адам көз жұмды
- Телефонын алып қойған: ШҚО-да анасына өкпелеген бала үйінен қашып кетті
- Қостанай облысында 3 автокөлік соқтығысып, бір адам көз жұмды
- Ақтөбе облысында базар жанып кетті
-
Елордада 4 көлік соғылып, бір адам қаза тапты
-
Атыраудың 8 ықшамауданында тұрғындар жарықсыз отыр
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам
ONLAIN QYZMETKERLER