+7 (701) 759 90 19
USD 384.63 EUR 427.98
RUB 6.08 CNY 54.68
Jańalyqtar

Италияда таудан құлаған көшкін пойызды рельстен шығарып жіберді

2019 жылғы 18 қараша 16:33
Бөлісіңіз:
Италияда таудан құлаған көшкін пойызды рельстен шығарып жіберді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Италияның солтүстігінде лай көшкіні жүріп бара жатқан пойызды рельстен шығарып жіберді. Бұл туралы жергілікті басылымдар жазды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА.

Ұқсас жаңалықтар
Сәби ұшақ бортында дүниеге келді Чехия ауруханасындағы атыс: 6 адам ажал құшты Бортында 38 адам бар Чили әскери ұшағы жоғалып кетті

Тgcom24 телеарнасының хабарлауынша, дүйсенбінің таңында Фортецца қаласынан Бруникоға бара жатқан пойыз Больцано провинциясында таудан құлаған лай көшкінінің екпінінен рельстен шығып кеткен.

Больцано провинциясы баспасөз және байланыс агенттігі Twitter парақшасында оқыс оқиғадан ешкім зардап шекпегенін мәлімдеді. Шұғыл жеткен құтқарушылар жолаушыларды қауіпсіз жерге дін аман жеткізген.

Айта кетейік, қазір Италияның солтүстігінде ауа райы қолайсыз болып тұр. Өткен аптада Трентино-Альто-Адидже облысында жауған қалың қар электр желілері мен көлік байланысына айтарлықтай зиян келтірген. Өңірде теміржол қозғалысы уақытша тоқтатылды.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Оқиға, Әлем,
Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT