Италияда парламент сайлауы өтеді

None
БРЮССЕЛЬ. ҚазАқпарат - 25 қыркүйек күні Италияда парламент сайлауы өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

21 шілде күні ел президенті Серджо Маттарелла парламентті таратып, келесі сайлау күнін 25 қыркүйекке белгілеген еді. Бұған Үкіметтен жік шығып, премьер-министр Марио Драгидің отставкаға кетуі себеп болды.

Италиялықтар ел парламентінің қос палатасы - Депутаттар палатасы мен Сенатқа депутаттарды сайлайтын болады. Сайлау учаскелері 07:00-ден 23:00-ге дейін жұмыс істейді. 2020 жылы болған Конституциялық реформаға сай, Депутаттар палатасындағы орын саны 945-тен 600-ге дейін азайтылған еді.

Соңғы жаңалықтар