Италияда офицерлер 200 мигранттың өліміне байланысты сотта жауап береді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Италияның Жағалаудағы қызмет басқармасы орталығының қызметкері мен Италия Әскери-теңіз күші жедел қызметінің командирі 2013 жылғы қазанда Жерорта теңізіндегі кеме апатына көз жұмған 268 мигранттың ісіне қатысты сот алдында жауап береді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Rai News 24 арнасына сілтеме жасап.

Сот 3 желтоқсанда басталуы тиіс. Сотталушыларға тергеу аяқталған соң қызметтік міндеттемелерін сақтамау және абайсызда адам өліміне жол беру бойынша айып тағылады.

Кеме апатынан қаза тапқандардың ішінде 60 бала болған. Бұл ең ауыр апаттардың бірі болып саналады.




Соңғы жаңалықтар