Италияда мыңдаған адам кеме апатынан қайтыс болған мигранттарды еске алды

None
КУТРО. ҚазАқпарат – Италияның Кутро қаласында мыңдаған адам шеруге шығып, кеме апатынан қайтыс болған 75 мигрантты еске алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Euronews-ке сілтеме жасап.

Италияның оңтүстігіндегі Кротоне ауданында 26 ақпан күні кеме апатқа ұшырап, заңсыз мигранттар қаза тапқан болатын. Кейін қаза тапқандар саны 100-ден асуы мүмкін екендігі хабарланды.

Миграция жөніндегі халықаралық агенттіктің есептеуінше, Еуропаға апаратын бұл бағытта жыл басынан бері 300-дей адам суға батты немесе хабар-ошарсыз кеткен.

Еуропалық Одақтың сыртқы шекаралар қауіпсіздігі бойынша Frontex агенттігінің мәліметтеріне сүйенсек, әрбір бес заңсыз маршруттың екеуі осы Орталық-Жерортатеңізі бағытында өтеді. Биылғы қаңтар мен ақпанда аталған бағытта шекараны заңсыз кесіп өтудің 12 мың дерегі тіркелген, бұл – өткен жылмен салыстырғанда екі есе көп.

Кейінгі күндердің өзінде ғана Италиядағы Лампедуза аралына 3 мыңнан астам мигрант өткен.


Соңғы жаңалықтар