Италияда лай көшкіні жүріп, ондаған адам іздестіріліп жатыр
2022 жылғы 27 қараша, 02:34

АСТАНА. ҚазАқпарат – Италияның оңтүстігіндегі Искья аралында лай көшкіні жүрді, деп хабарлайды ҚазАқпарат euronews.com сайтына сілтеме жасап.
Казамиччиола-Термеде қаласындағы Майо алаңында әйел адамның денесі табылды. Құтқарушылар бірінші осы ауданға жеткен.
«Бір адамның қайтыс болғаны расталды, тағы онға жуық адам із-түзсіз жоғалғандар қатарында», - дейді Неаполь мэрі Гаэтано Манфреди.
Бірнеше үй қираған. Неаполь аймағында кішкентай нәрестесі бар отбасының құтқарылғаны туралы ақпарат тарады.
Лай көшкініне нөсер жаңбыр себеп болған. Күн райы іздеу-құтқару жұмыстарына да кедергі келтіріп тұр.
Айта кетсек, 8 мың адам тұратын Казамиччола-Термеде 2017 жылы жер сілкінісі болып, ол кезде 2 адам көз жұмған.
Сондай-ақ... оқыңыз
Серіктестер жаңалықтары
TOP