Италияда коронавирусты жұқтырған тағы 3 039 адам анықталды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Италияда коронавирусты жұқтырған тағы 3 039 адам анықталды, деп хабарлайды Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы.
Бұл елде жалпы 135 586 адамның коронавирус инфекциясын жұқтырғаны тіркелген.
Өліммен аяқталған тағы 604 жағдай анықталды. Бүгінгі таңда коронавирустан жалпы 17 127 адам көз жұмған.
Бұған қоса, тағы 1 555 адам ауруынан айығып шықты. Барлық жазылып шыққандар саны — 24 392.
Соңғы жаңалықтар