Италияда коронавирустан көз жұмғандар саны 11 адамға жетті

None
None
РИМ. ҚазАқпарат – Ломбардия мен Венетодан Сицилия, Тоскана мен Лигурияға тараған коронавирустан 11 адам қайтыс болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат АНСА агенттігіне сілтеме жасап.

Премьер-министр Джузеппе Конте елдің бұл дағдарысқа қасқая қарсы тұрып, аман шығатынын мәлім етті. Сонымен қатар ол коронавирустың таралуына Лоди маңындағы Кодоньо ауруханасының емдеуге қабілетсіздігі себеп болғанын жеткізді.

Сесенбі күні баспасөз мәслихаты кезінде Италияның Азаматтық қорғаныс қызметінің басшысы Анджело Боррелли коронавирустан 11 адамның қайтыс болғанын хабарлады.

Оның айтуынша, соңғы бірнеше сағатта елдің 80 жастағы үш азаматы қаза тапқан.

Сонымен қатар, Тревизода респираторлық аурудың асқынуына байланысты емханаға жатқызылған 76 жастағы әйел коронавирус жұқтырып, өмірден озды.

Борелли Италияда 322 жаңа вирус жұқтыру оқиғасы тіркелгенін айтты. Сицилияда індет жұқтырғандар үшеуге жетті.

Ең көп зардап шеккен аудан – Ломбардия, ол аймақта вирус 9 адамның өмірін қиып, 240 адам дертке шалдықты.

Сейсенбі күні үкімет алғашқы коронавирус жұқтыру оқиғасы Лигурия әкімшілік ауданында тіркелгенін хабарлады.

Римде сейсенбіде болған баспасөз мәслихаты кезінде Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының өкілі Уолтер Риккарди Италияда коронавирус жұқтырғандардың 3%-ы ғана қайтыс болғанын мәлімдеді.


Соңғы жаңалықтар