+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 454.18
RUB 5.81 CNY 57.66
Jańalyqtar

Италияда коронавирустан қайтыс болғандарды бір минут үнсіздікпен еске алды

2020 жылғы 31 наурыз 18:11
Бөлісіңіз:
Италияда коронавирустан қайтыс болғандарды бір минут үнсіздікпен еске алды

РИМ. АNSA-ҚазАқпарат – Сейсенбі күні Италияда коронавирус инфекциясынан тағы үш дәрігер көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ANSA агенттігіне сілтеме жасап.

Мессиндегі жалпы дәрігер Гаэтана Тримарчи, Комо маңында орналасқан Сереньодағы кардиолог Норман Джонс және Римде жұмыс істеген гинеколог Роберто Милети коронавирус инфекциясынан қайтыс болды, деп хабарлады FNOMCEO Дәрігерлер Гильдиясы федерациясы.

Осылайша, COVID-19 жаңа вирусынан көз жұмған дәрігерлердің жалпы саны 66-ға жетті. ANSA агенттігінің хабарлауынша, бүгін Италияның барлық аймағында медицина қызметкерлерін қолдау үшін, сондай-ақ олардың отбасы мен жақын адамдарына қолдау білдіру үшін коронавирус құрбандарын бір минут үнсіздікпен еске алу кезінде тулар түсірілді.

Италия мэрлері ұсынған бастаманы мекемелер, ұлттық және жергілікті билік органдары, сондай-ақ ANSA-ны қоса алғанда, іскер топтар мен ақпараттық агенттіктер қолдады.

Еске сала кетейік, соңғы мәлімет бойыша COVID-19 вирусынан Италияда 11 500 адам көз жұмған.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Әлем, Коронавирус,
Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT