+7 (701) 759 90 19
USD 437.20 EUR 475.32
RUB 5.79 CNY 61.94
Jańalyqtar

Италияда коронавирустан екінші адам қайтыс болды

2020 жылғы 23 ақпан 14:35
Бөлісіңіз:
Италияда коронавирустан екінші адам қайтыс болды

РИМ. ҚазАқпарат – Италия түбегінде коронавирустан екі адам қайтыс болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Deutsche Welle-ге сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Тараздағы блокпосттарды бақылауға атты әскерлер жұмылдырылуда Алматыда коронавирустың 38 ошағы анықталды Қызылорда облысында 12 адамның коронавирусты қайдан жұқтырғаны анықталды

Көптеген қалалар вирустың таралуының алдын алу үшін шұғыл шаралар қабылдады. Қазіргі уақытта 80 адам ауруға шалдыққан. Сенбі күні Италия үкіметі екі азамат қайтыс болғаннан кейін коронавируспен күрес бойынша «төтенше шаралар» қарастыратынын мәлімдеп, елдің солтүстік аймағының тұрғындарына өз үйлерінен шықпауға кеңес берді.

75 жастағы әйел көрші Венето өңірінде 78 жастағы ер адам қайтыс болғаннан кейін бір күн өткен соң Ломбардиядағы Кодоньо қаласына жақын маңда өмірден өтті. Денсаулық сақтау органдары COVID-19 вирусын алғаш рет жұқтырған 38 жастағы италиялық екенін растады. Ол 21 қаңтарда Қытайдан келген азаматпен байланыста болған. Қазіргі таңда ол ауруханада жатыр және жағдайы ауыр. Оның жұбайы мен досынан да коронавирус табылды. Сондай-ақ, науқастың үйіне барған дәрігер де, онымен бірге Казальпустерленго қаласындағы Unilever зерттеу және өндіру бөлімінде жұмыс істеген 120 адам да тексеруден өткен. Кодоньодағы ауруханаға тұмау белгілерімен келген үш науқас та, бес медбике мен дәрігерлер де ауру жұқтырған. Бір дәмханаға барған үш адамнан да ауру белгілері шыққан.

Спорт министрлігі барлық спорттық шараларды, соның ішінде жексенбі күнге жоспарланған А сериясындағы футбол матчын да тоқтатты. Кодоньо мэрі барлық мейрамханаларды, мектептер мен адамдар жиі шоғырланатын орындарды, түнгі клубтар мен спорт залдарын жабу туралы бұйрық берді.

Еске салайық, бұдан бұрын Италия коронавирустан бір адамның қайтыс болғанын растады.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Медицина, Әлем, Коронавирус,
Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT