Италияда коронавируспен ауырғандар саны екі жүз мыңнан асты

None
None
РИМ. ҚазАқпарат – Сейсенбі күні Азаматтық қорғаныс департаменті Италияда коронавируспен ауырғандардың жалпы саны екі жүз мыңнан асқанын мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ANSA агенттігіне сілтеме жасап.

Департаменттің мәліметінше, қазіргі уақытта Италияда COVID-19 вирусын 105 205 адам жұқтырған. Ал, елде осы инфекциядан 27 359 адам көз жұмған, сондай-ақ коронавирустан 68 941 адам емделіп шыққан.

Инфекция жұқтырғандар, қайтыс болғандар және сауығып шыққан адамдарды қосқанда коронавируспен ауырғандардың жалпы саны – 201 505 адам.

Департамент сондай-ақ қазіргі уақытта интенсивті терапияда COVID-19 вирусын жұқтырған 1863 пациент жатқанын хабарлады.

Айта кетейік, бұл дүйсенбі күнгі көрсеткіштен 93 адамға аз. Осылайша Италияда пандемияның төмендеу қарқыны жалғасуда.

Еске сала кетейік, Италияда жаппай оқшаулау режимі 3 мамырға дейін ұзартылған болатын. Алайда сейсенбіден бастап кітап, кеңсе тауарлары мен киім дүкендері ашыла бастады. Зауыттар жабық. Елде мектептер де биылғы оқу жылының соңына дейін жабық болады.


Соңғы жаңалықтар