USD 435.1 EUR 493.27
RUB 5.69 CNY 68.63
Jańalyqtar

Италияда қазақ тілі мен мәдениетінің орталығы ашылады (ФОТО)

2015 жылғы 7 желтоқсан 11:15
Бөлісіңіз:
Италияда қазақ тілі мен мәдениетінің орталығы ашылады (ФОТО)

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Италияда қазақ тілі мен мәдениетінің орталығы ашылады. Бұл туралы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры мен Венеция Ка Фоскари университеті проректорының кездесуі барысында белгілі болды.

Қос оқу орнының басшылары екі ел арасында білім беру саласындағы ынтымақтастықты кеңейту мәселелерін талқылады.

Аталған кездесуді Қазақстандағы Италияның Төтенше және Өкілетті елшісі Стефано Раваньян ұйымдастырды.

«Біздің университетте шығыс халықтарының мәдениетін зерттеу кеңінен дамып келеді. Біз осы бағытта Жібек жолы желісі университеттерімен ықпалдастық орнатқымыз келеді», - деді Ка Фоскари университетінің проректоры Тициана Липпиелло.

Кездесу барысында халықаралық қатынастар факультетінің деканы Кәрімжан Шәкіров университетте 3 жылдан бері Италиядан келген оқытушылар итальян тілінде сабақ беріп келе жатқандығын атап өтті.

Біраз әңгімеден соң қос оқу орнының басшылары Венеция университетінде қазақ тілі мен мәдениеті орталығын ашуға уағдаласты. Айта кету керек, мұндай жоба ҚазҰУ-інде бұрыннан жүзеге асып келеді. Қазір Йорданияда қазақ тілінің орталығы бар.

Ка Фоскари университетінде Конфуций мен жапон орталығы бар екен. Сондай-ақ мұнда әлемнің 40 тарта тілінде сабақ өтеді.

null null

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Гүлмира Ғосманәли

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059

MURAǴAT