Италияда қатты құрғақшылыққа байланысты төтенше жағдай жарияланды
2022 жылғы 28 маусым 08:32

Италияда қатты құрғақшылыққа байланысты төтенше жағдай жарияланды

БРЮССЕЛЬ. ҚазАқпарат – Дүйсенбі күні Италияның Ломбардия провинциясының губернаторы Аттилио Фонтана елде жалғасып жатқан қатты құрғақшылықтың бұл аймақта бұрын-соңды болмағанын мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ANSA ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Бұл – Италияда соңғы 70 жылдағы ең ауыр қуаңшылық. Жауын-шашын мөлшері соңғы үш онжылдықтағы орташа көрсеткішпен салыстырғанда екі есе азайды. Елдің орталық және оңтүстік өңірлерінде су тапшылығы жиі байқалады.

«Ломбардия тарихында мұндай дағдарыс ешқашан болған емес», - деді губернатор А.Фонтана жұма күні Ломбардияның құрғақшылыққа байланысты төтенше жағдай жариялағаннан кейін.

Ломбардия - Италияның солтүстігіндегі ең ірі провинциялардың бірі. Жергілікті билік енгізген қаулы барлық азаматтарды «суды өте үнемді, тұрақты және тиімді пайдалануға, оның тұтынуын қажетті минимумға дейін шектеуге» үндеп отыр.

Осыған байланысты Милан билігі демалыс күндері субұрқақтарын өшіріп жатқанын мәлімдеді. Азаматтық қорғаныс департаментінің басшысы Фабрицио Курчио Италиядағы ең ұзын өзен По өзеніндегі судың көлемі әдеттегіден 80 пайызға азайғанын айтты. Ол мұны соңғы уақытта жауын-шашын деңгейі соңғы жылдардағы орташа деңгейден 40-50 пайызға, ал қыста жауатын қардың 70 пайызға азайғанымен түсіндірді.


Ұқсас жаңалықтар

Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT