Италияда қатты аяз: Фермерлер бұзауларға пальто кигізіп жатыр

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Италияда арктикадан жеткен суық салдарынан температура күрт төмендеді. Ірі қара малды аяздан аман алып қалу үшін кейбір жергілікті фермерлер малға жылы киім кигізуге мәжбүр болды, деп хабарлайды La Repubblica басылымы.

«Фермерлер бұзауларды пальтоға орап, сондай-ақ қораларды жылы ұстау үшін электр шамдарын орнатуда. Малға беретін суды 20 градусқа дейін ысытып, қосымша азықтандырып жатыр»,-дейді Coldiretti ауыл шаруашылығы қауымдастығының мамандары.

Италиялық фермерлердің есебі бойынша, қолайсыз ауа райының 2018 жылы ауыл шаруашылығына тигізген зияны €1,5 млрд-тан асып кеткен. Ал 2019 жылғы бұл қатты суық азық-түлік жеткізуге проблемалар тудыруы мүмкін.

Ал қосымша азықтың шығыны ет өнімдерінің қымбаттауына соқтырады.

Соңғы жаңалықтар