Италияда ерекше бала дүниеге келді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Италияда өте сирек кездесетін ауруы бар нәрестеден ата- анасы бас тартты. Сәби тікелей күн сәулесі тимей өмір сүруі керек, деп жазады ВВС.

Джованно есімді төрт айлық балаға ихтиоз арлекин генетикалық ауру диагнозы қойылған.

«Баланы ата анасы тастап кетті», дейді аурухана медбикелері.

Айта кету керек, бұл ауру миллион адамның біреуінде ғана кездеседі. Адамның терісі құрғақ болғандықтан, қол мен аяқ қозғалысы қолайсыздық туғызады. Сонымен қатар бұл дерт инфекцияларға төтеп беру қабілетін төмендетеді. Аурудың белгілері бала туғаннан кейін алғашқы жылда пайда бола бастайды.

Соңғы жаңалықтар