Италияда бір тәулікте коронавирустан 800-ге тарта адам көз жұмды

None
None
РИМ. ҚазАқпарат – Италияда соңғы тәулікте коронавирус инфекциясынан көз жұмғандар саны күрт өсті, індет 793 адамның өмірін қиып кетті.Қауіпті вирустан мерт болғандар саны ол елде 4 825 адамға жетіп отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат Би-Би-Си ақпарат көзіне сілтеме жасап.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметіне сүйенсек, әлем бойынша бір тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырғандардың саны 32 мың адамға көбейіп, 266 мыға жетіп қойған. 11 мыңға тарта кісі қайтыс болған.

Джонс Хопкинс университетінің хабарлауынша, тіпті әлемде коронавирусты жұқтырғандардың саны 300 мыңнан асып кеткен.

Италия бейсенбі күні-ақ коронавирустан болған өлім-жітім бойынша Қытайдың алдына шығып кеткен еді. 22 наурыздағы мәліметке сүйенсек Covid-19 Италиядағы 53 578 тұрғыннан табылған. Бұл 21 наурыздағы көрсеткіштен 6 557-ге артып отыр.

Коронавирустың ең үлкен ошағы анықталған Ломбардияда инфекцияның таралуына жол бермеу мақсатында қатаң шаралар қолға алынды. Сенбі күні кешке жарияланған жаңа ережелерге сәйкес көшеде спортпен, дене машығымен айналысуға тыйым салынған. Сауда автоматтарын пайдалануға да шектеу қойылған.

Халыққа ең қажетті тауарларды санамағанда бизнеске барлық операцияны тоқтатуға пәрмен берілді. Аурухана тұрғызудан басқа барлық құрылыс жұмысын жүргізуге тыйым салынды. Ашық аспан астындағы барлық базардың жұмысы тоқтатылды.

Ломбардияда коронавирус инфекциясын жұқтырғаннан 3 095 адам жан тапсырған.

Римдегі екі монастырь карантинге жабылды. Ондағы 59 монах әйел коронавирус жұқтырып алған. Елде Covid-19 індетінен 28 дін қызметкері бақилық болды.

Ресей сенбі күні коронавируспен күресу үшін Италияға әскери вирусологтар мен қажетті құрал-жабдықтарды жіберетінін жария етті.

Соңғы жаңалықтар