Италияда автобус апатынан зардап шеккен 2 қазақстандық ауруханада жатыр

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Италияда автобус апатынан зардап шеккен 9 қазақстандықтың екеуі әлі ауруханада, деп хабарлайды ҚазАқпарат Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазіргі уақытта түрлі жарақаттармен клиникаға жеткізілген қазақстандықтардың ішінде 2 әйел ауруханада қалды. Олардың омыртқа, қабырға және бұғана сүйектері сынған. Сондай-ақ көп соққы алған.

«Біз итальяндық дәрігерлердің соңғы диагнозын күтудеміз және оған сәйкес әрі қарай тиісті шаралар қабылдаймыз. Қалған 7 турист қонақ үйде. Олар өз экскурсиясын әрі қарай жалғастыруы мүмкін. Барлық қазақстандық туристерде медициналық сақтандыру бар. Қазақстандық консул жарақат алған отандастардың жанында. Ол медицина қызметкерлерімен және жергілікті полициямен келіссөзде қажетті көмек көрсетуде. Жақын арада жарақат алғандардың туыстары Италияға ұшып келеді» делінген хабарламада.

Италияның құқық қорғау органдарының мәліметінше, автобус жүргізушісі қамауға алынып, апатқа байланысты тергеу жүріп жатыр.

Еске сала кетейік, Италияда аударылған туристер мінген автобуста Қазақстанның 9 азаматы бар екенін осыған дейін хабарлаған болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар