Италияда 13 мың жыл бұрын пломба салынған тіс табылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Италия, Ирландия және Америка ғалымдары 13 мың жылдай бұрын пломба салынып емделген тістерді тауып, оларға ғылыми сипаттама берді. Бұл ең көне стоматологиялық шара жасалынған тістер саналып отыр. Аталмыш ғылыми еңбек American Journal of Physical Anthropology журналында жарияланды.

Емделген тістер бірқатар көне аңшы-терімші және жер өңдеуші мен бақташы адамдардың қоныстарынан табылды. Олардың барлығы неолит дәуіріне яғни, адамдардың тамақ өндіру және өңдеу технологиясын жетілдірген кезіне жатады (дақылдар мен балды жиі жеген), сол тұста тістің аурулары да жиілеп кеткен.

Бұған дейін мұндай көне жәдігер 2008 жылы Италияның Виллабрун қонысынан табылған еді. Онда тісті тескен кездегі із сақталған. Оның жасы 14 160 немесе 13 280 жыл деп есептеледі. Алайда тісте пломбалау байқалмаған.

Болонь университетінің қызметкерлері басқа да ғылыми орталықтардағы әріптестерімен бірлесе отырып қазіргі Тосканның солтүстігіндегі Фредиан қонысынан тапқан қаңқаларда, бір адамға тиесілі екі тісінде емдеу белгілері байқалған. Бұл адам 13 мыңнан 12 740 жыл бұрын өмір сүрген.

Соңғы жаңалықтар