Италия СІМ орынбасары Қазақстанға сапармен келеді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Италия Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Манлио Ди Стефаноның Қазақстанға сапармен келеді. Бұл туралы бүгін брифинг барысында ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«13-14 қарашада Италия Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Манлио Ди Стефано Қазақстанға сапармен келеді. Сапар барысында ҚР Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеубердімен және Цифрлық даму және аэроғарыш өнеркәсібі, Қаржы, Ауыл шаруашылығы, Экология, геология және табиғи ресурстар министрліктерінің басшыларымен кездесулер жоспарлануда», - деді Айбек Смадияров.

Оның дерегінше, келіссөздер барысында тараптар саяси өзара іс-қимыл, сауда-инвестициялық ынтымақтастық, қоршаған ортаны қорғау, ауыл шаруашылығы, цифрландыру және басқа да мәселелері бойынша екіжақты ынтымақтастықтың жай-күйі мен перспективаларын талқылайды.

«Сондай-ақ, Манлио Ди Стефаноның «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ АҚ қолдауымен Италияның Қазақстандағы елшілігі ұйымдастырған Қазақстан-Италия бизнес-форумына қатысуы қарастырылған», - деді ол.

Соңғы жаңалықтар