+7 (701) 759 90 19
USD 424.99 EUR 504.21
RUB 5.81 CNY 65.66
Jańalyqtar

Италия Парламенті отставкаға жіберілді

2012 жылғы 23 желтоқсан 10:48
Бөлісіңіз:
Италия Парламенті отставкаға жіберілді

АСТАНА. 23 желтоқсан. ҚазАқпарат - Италия Президенті Джорджо Наполитано ұлттық парламентті тарқатып жіберді, деп хабарлайды Reuters.

Бұған негізгі себеп ретінде үкіметтік дағдарыс аталды.

«Дәл қазір мен Парламентті тарқату туралы қаулыға қол қойдым», - деп мәлімдеді Джорджо Наполитано саяси партиялар көшбасшыларымен болған кеңестерден кейін журналистерге берген сұхбатында. Расталмаған мәліметтер бойынша, Италияда парламенттік сайлаулар 2013 жылдың 24 ақпанына белгіленді.

Жуырда президент Италияның премьер-министрі Марио Монтидің отставкаға кету туралы өтінішін қанағаттандырды. Бұл, ел үкіметін автоматты түрде отставкаға жіберді. Бұл ретте, М.Монтидің кабинеті өзінің уәкілеттігін жаңа үкімет жасақталғанға дейін жүзеге асыра беретін болады.

Премьер-министр лауазымы үшін қайта күресу ниеті туралы экс-премьер және «Бостандық халқы» партиясының көшбасшысы Сильвио Берлускони мәлімдеп те үлгерді. Ол бұл қызметте үш мәрте болды. Еске салайық, Милан соты С.Берлускониді салықтық алаяқтығы үшін бір жылға шартты түрде бас бостандығынан айырған болатын.

Осылайша, М.Монтидің үкіметі бір жылдан сәл астам ғана жұмыс істеді.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

#Әлем  
Бөлісіңіз:

Автор:

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Дана Телятникова Каз
Дана Телятникова Каз
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT