Италия Парламенті депутаттар палатасының квесторы «Достық» орденімен наградталды

РИМ. ҚазАқпарат – Қазақстан Елшілігінде Италия Парламенті депутаттар палатасының Квесторы және «Қазақстан-Италия» парламенттік достық тобының төрағасы Эдмондо Чириеллиді мемлекеттік наградамыз – II дәрежелі «Достық» орденімен марапаттау рәсімі өтті, деп хабарлайды ҚР СІМ баспасөз қызметі.
Награданы Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығына сәйкес, Қазақстанның Италиядағы Елшісі Сергей Нұртаев табыс етті. «Достық» ордені азаматтарға халықтар арасындағы бейбітшілікті, достықты және ынтымақтастықты нығайтуға сіңірген еңбегі үшін беріледі.
Жоғары награданы табыстай отырып, Елші Э. Чириеллидің екіжақты парламентаралық ынтымақтастықты дамытуға зор үлес қосып отырғанын атап өтті. Оның тікелей қолдауымен Италия парламентінде Қазақстанмен Достық тобы құрылды, оның құрамына заң шығарушы органның екі палатасының да депутаттары кіреді. Парламенттік топ серіктестік құрудың маңызды құралы ретінде қызмет етеді және парламентаралық байланыстарды нығайтуға көмектеседі. Өзінің қызметі барысында топ жетекшісі біздің елге бірнеше рет келіп, Қазақстан басшылығымен бірқатар кездесулерге қатысты.
Э. Чириелли тек парламентаралық емес, сондай-ақ экономикалық байланыстардың одан әрі кеңеюіне ықпал ете отырып, Қазақстан оны әрдайым өзінің сенімді досы ретінде көре алатындығын баса айтты.
- Британияда жүк көлігінде тұншығып өлген 39 мигранттың қазасына кінәлі 4 адам сотталды
- Ядролық қаруға тыйым салатын шарт: Қазақстанның сыртқы саяси ведомствосы мәлімдеме жасады
- Түркияның Эрзурум қаласындағы мектепке Әл-Фараби есімі берілді
- Мадридте жарылыстан қаза тапқандар арасында қазақстандықтар жоқ - СІМ
-
Мадридте жарылыстан қаза тапқандар арасында қазақстандықтардың бар-жоғын анықтап жатырмыз - СІМ
-
Мадридте алапат жарылыс болып, 2 адам қаза тапты
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам