+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Италия ғалымы әл-Фарабидің еңбектері туралы айтты

2020 жылғы 24 сәуір 02:29
Бөлісіңіз:
Италия ғалымы әл-Фарабидің еңбектері туралы айтты

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Италияның Милан қаласындағы Амброзиана академиясының профессоры Эдуардо Канетта шығыстың ғұлама ойшылы әл-Фарабидің еңбектері туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Құрметті достар, бүгін сіздермен бірге бола алмағаным өкінішті. Сіздер Италиядағы, әсіресе Миландағы жағдайды өте жақсы білесіздер. Менің сіздерге әл-Фараби туралы өте ескі қолжазбаны алып барғым келген еді. Осы пандемия біткен соң, әл-Фарабидің қолжазбасын сіздерге алып баруға уәде беремін», - деді профессор ҚР Ұлттық академиялық кітапханасы ұйымдастырған «Әбу Насыр әл-Фараби мұрасы және қазіргі заман» атты онлайн конференцияда.

Сонымен бірге, профессор орта ғасырдағы мұсылман медицинасы тақырыбын зерттеп жатқанын айтты.

«Әл-Фарабидің саясат, философия және тағы басқа салаларда ұлы ғалым болғаны бәрімізге белгілі. Бүкіл әлемді коронавирус жайлаған кезде әл-Фарабидің және басқа да ғалымдардың медицина саласы үшін жасаған еңбектерін айтқым келеді. Біз Авиценна деп танитын Ибн Сина әл-Фарабиді өзінің ұстазы деп санаған. Осындай ұлы адамдар халық арасындағы татулық пен достықтың жақсы саясаттан туындайтынын, ал жақсы саясаттың ең алдымен, халықтың денсаулығымен айналысуы керектігін де түсінген. Сіздер білетіндей, медицина – Құранның басты 5 нысанының бірі. Ол байыпты ғылыми түсіндірме жұмыстарын талап етеді. Пайғамбардың (с.ғ.с.) «Ғылымды Қытайдан да іздеу керек» деп айтқаны тегін емес. Ғылым, әсіресе қазір өте қажет. Сіздердің бір жақсы мақалдарыңызда айтылғандай «Тәрбиесіз ғылымның зияны тиуі де мүмкін. Әл-Фарабидің елді басқаруда басты қағида – ол денсаулық пен физикалық саулыққа қамқорлық деп санауы бекер емес», - деді Э. Канетта.

Ғалымның айтуынша, әл-Фараби грек мифтерінің аудармасынан және несториандық ұстаздарынан көптеген құнды дүниелерді үйренген.

«Ұстаздары әл-Фарабиге тек Аристотельді білуге ғана емес, Гален мен Гиппократтың шығармаларымен танысуға мүмкіндік берді. Бұл кез христиан мен мұсылмандар арасындағы диалог пен тығыз қарым-қатынас кезі еді. Сіздер Фарабидің Отырардан, ал Авиценнаның - Өзбекстаннан екенін білесіздер. Бұл ғалымдар жазық дала өсімдіктерінен хабардар болғандықтан, түрлі жаңа шөп дәрі ойлап тапқан. Көп мөлшерде дәрілерді қабылдау кері әсер беретінін де білген. Шешек пен қызылша секілді белгілері ұқсас ауруларды ажырата білген. Орта Азия медицинасы туралы ақпарат беру бүгінде өте маңызды. Амброзианеде көптеген араб құжаттары мен қолжазбалары, соның ішінде әл-Фарабидің қолжазбасы бар. Әлемдегі жайт орныққан соң, бізге келіп әл-Фарабидің «Китап Аль Музик» қолжазбасын түпнұсқада көрулеріңізге болады», - деді ғалым.

Айта кетейік, биыл әйгілі ойшыл, философ, музыка зерттеушісі, социолог, математик, физик, астроном, ботаник, лингвист, ғалым, Орта ғасыр кезіндегі шығыс философия өкілдерінің бірі Әбу Насыр әл-Фарабидің туғанына 1150 жыл. Шығыстың ұлы ойшылының мерейтойы ЮНЕСКО-ның атаулы күндер мен оқиғалар күнтізбесіне енген.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айжан Серікжанқызы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT