Италия билігі 1955 жылы салынған көпірді жауып тастады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Италиялық Беневенто қаласының мэрі 1955 жылы Риккардо Морандидің жобасымен салынған Ұлы Николай көпірімен жүру қозғалысын тоқтатуға шешім шығарды, деп хабарлайды Белта агенттігі La Stampa газетіне сілтеме жасап. 

Еске салайық, Италияның Генуя қаласында көпірдің құлауына байланысты төтенше жағдай жарияланған еді.

Қала басшысы хабарлағандай, ол бұл жағдай  тұрғындарға қиындық тудыруы мүмкін, алайда Генуядағы Моранди салған тағы бір көпірдің құлауы сияқты оқиғалардың қайталанғанынан гөрі осындай ыңғайсыздық тудырған әлдеқайда жақсы екенін айтты. Техникалық комиссия көпірдің қауіпсіз екенін растамағанға дейін мэрдің бұйрығы күшін жоғалтпайды.

Италиялық құтқарушылар төрт күннен бері Генуя маңындағы Моранди көпірінің құлауы салдарынан із-түссіз жоғалып кеткен адамдарды табу үшін бульдозерлер мен шойбалғаның көмегімен үйінділерді қопарып, тұрғындарды іздестіру шараларын жүргізіп жатыр.

Соңғы жаңалықтар