Ит кобраны өлтіріп, иесін құтқарды

None
None
АСТАНА.ҚазАқпарат - Оңтүстік Африканың Претория қаласында ит өзінің қожайынын кобрадан құтқарып қалды, деп жазады Daily Mirror басылымы.

Адамға қарай жылжыған жыланды аңғара сала Спайк есімді Йоркшир иті оны тарпа бас салады. Ол кобраны өлтіргенімен, жылан итті шағып үлгерген. Сонымен қатар,  әйелдің Принсез есімді тағы бір жануарын аяғынан шаққан. Бір сағат ішінде екі ит те ажал құшты.

Иесі Спайктің жанына жүгіріп келіп  жыланды бас салғанына дейін оны аңғармағандығын айтады. «Ол маған соншалықты жақын келген екен, - дейді ол. - Спайк секіріп, мойнынан тістемегенінде, ол мені де шағып алар еді». 

Соңғы жаңалықтар