Испаниялық оқушы атасы жинаған 10 мың еуроны сыныптастарына таратып берді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Испанияның Барселона провинциясының Кальдес-Монбуй қаласында тұратын 10 жасар бала атасының 100 еуролық банкноттармен жинап жүрген бір бума қаржысын тауып алған. Ол қаржыны мектепке алып барып, 10 мың еуродан сыныптастарына таратып берген, деп жазады newsru.com.

Бұл туралы ұстаздардың бірінің балалардың өте ірі көлемдегі ақша ұстап жүргенін көрген соң белгілі болған. Әдетте мұншама көлемдегі ірі ақшаны мектеп оқушылары ұстап жүрмейтін, деп жазады The Local.

Оқиға Escola Montbui бастауыш мектебінде болды.

Болған жағдай туралы WhatsApp желісіндегі ата-аналар тобына хабарланған, сондай-ақ Onda Cero радиостансасы арқылы да жарияланған.

Мектеп оқушыларына ақшаны қайтару жөнінде ұсыныс жасалды.

«Бүгін таңертең 5-ші сынып оқушысы үйінен алып келген 100 еуролық банкноттарды балаларға таратып берді. Егер сіздердің балаларыңыздың қолына осы қаржының қандай да бір бөлігі тиген болса, міндетті түрде мектепке хабарласып, қажетті соманы иесіне қайтаруларыңызды сұраймыз. Жалпы барлығы 10 мыңнан астам еуроны қайтару керек. Біз сіздер жағдайды түсініп, қолдау көрсетеді деген сенімдеміз»,-делінген хабарламада.

Каталониялық El Punt Avui басылымы мәселенің полицияның араласуынсыз шешілгендігін жазады. Себебі ақша иелері полицияға шағым түсірмеген.

Europa Press-тегі дереккөздер мәселе шешімін тауып, ақша иесіне қайтарылғандығын жазады. Басылым мәліметтерінше, оқушының атасы ақшаны оның апасына қажетті медициналық құрылғы алып беру үшін жинап жүрген.

Соңғы жаңалықтар