Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 386.34 EUR 427.25
RUB 5.88 CNY 54.57
Jańalyqtar

Испаниялық Хуан Хосе Кобо - «Вуэльта-2011» велокөпкүндігінің жеңімпазы

2011 жылғы 12 қыркүйек 12:14 43
Бөлісіңіз:

АСТАНА. 12 қыркүйек. ҚазАқпарат /Жасұлан Аманбайұлы/ - Кеше үш аптаға жуық уақытқа созылған «Вуэльта» велокөпкүндігі өз мәресіне жетті.

Жарыстың соңғы 21-кезеңінде словакиялық Петер Саган («Liquigas») жеңіске жетті.

Ал жалпы есепте «Geox-TMC» командасының велошабандозы Хуан Хосе Кобо «Вуэльта-2011» көпкүндігінің жеңімпазы деп танылды. Одан 13 секундқа қалып келген ұлыбританиялық Христофер Фрум екінші орын, 1 минуттан астам уақытқа кешіккен «тұманды альбионның» тағы бір өкілі Брэдли Уиггинс үшінші орын иеленді.

Клубтың көшбасшысы Александр Винокуров жарақат алғалы бері отандық «Астана» командасы биылғы маусымда сүреңсіз өнер көрсетіп жүр. «Тур де Франста» қанағаттанарлық нәтижелерге қол жеткізбеген біздің команданың «Вуэльтадағы» жеткен ең жоғары көрсеткіші Роберт Кисерловскидің жалпы есептегі 18-орны болып отыр. Соңғы 4-5 жылда әлемдегі ең мықты клубтардың бірі атанып келген «Астана» үшін бұл мақтанарлық меже емес екені анық.

«Астана» велошабандоздарының жалпы есептегі уақыттары:

18. Роберт Кисерловски (Хорватия, «Астана») - 13,27

34. Фредрик Кесьякофф (Швеция, «Астана») - 51,28
57. Хосеп Хуфре (Испания, «Астана») - 1:59:10
59. Андрей Мизуров (Қазақстан, «Астана») - 2:03:48
64. Танел Кангерт (Эстония, «Астана») - 2:10:40
65. Евгений Петров (Россия, «Астана») - 2:13:50
78. Энрико Гаспаротто (Италия, «Астана») - 2:35:11
89. Андрей Кашечкин (Қазақстан, «Астана») - 2:54:57
102. Александр Дьяченко (Қазақстан, «Астана») - 3:08:09.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер:
Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059

MURAǴAT