Испаниялық әнші танымал шоуда Димаш Құдайберген болып өнер көрсетті

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Испаниялық әнші түрлену шоуында танымал қазақстандық орындаушы Димаш Құдайберген болып, «SOS d'un terrien détresse» әнін орындады, деп хабарлайды ҚазАқпарат dimashnews.com сайтына сілтеме жасап.

Көрермендер 4 наурыз күні Испанияның «Antena 3» телеарнасының эфирінен «Tu cara me suena» жобасында атақты музыкант Агоней Эрнандестің (Агоней) өнерін тамашалады. «Ту кара ме суена» - «Бірге бір» немесе «Дәл сол» жобаларының аналогы - қатысушылар өткен және қазіргі заманғы танымал музыканттардың бейнесін сынап көретін, әндерін жанды дауыста орындайтын түрлену шоуы. Сахнада оны мүмкіндігінше түпнұсқаға ұқсас етуге тырысады. Агоней - испандық әнші, сазгер және орындаушы. Оны «алтын дауысты канария» деп атайды.

«Мен Димашты сомдаймын. Мен дауысқа еліктейтін боламын, бұл... керемет. Ал мен қарапайым өмірімде ешқашан бұрын болмаған нәрселерді жасауға тырысамын. Сондықтан біз оларды осында бейнелейтін боламыз «, - деді Агони соңғы қойылым алдында берген сұхбатында.

Гранд финалда өнер көрсету үшін Agoney Dimash Digital Show-тен ән таңдады. Шоу режиссерлері спектакльдің дизайнын барынша ұқсас жасауға тырысты: суретшінің костюмі, музыканттар, визуалды эффектілер онлайн-концерттің атмосферасын өте дәл жеткізді.

Димаштың шығармалары түрлену шоуының қызығушылық объектісі болып отырған бірінші рет емес.


2019 жылы «SOS d'un terrien détresse» әнін әнші Халиун Баатаржав Моңғолияда Yag tun shig жобасында орындаса, 2021 жылы ресейлік актриса Валерия Ланская «Шаршаған аққудың махаббаты» композициясын ұсынды.


Соңғы жаңалықтар