Испаниядағы орман өрті 250 мың гектарға жуық аумақты шарпыды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат –Еуропа елдерінде орман өртімен күрес жұмыстары әлі де жалғасуда. Онда жоғары ауа температурасы мен күшті, кейде бағытын өзгертетін жел қиындық тудыруда. Биыл корольдікте өрт апаты 250 мың гектарға жуық аумақты шарпыды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Euronews-ке сілтеме жасап.

Аликанте провинциясында қызыл жалын әлі бақылауға алынған жоқ. Өрт ошақтарын сөндіруге әскерилер де қосылып, техника жұмылдырылды.

Валь-де-Эбо елді мекенінің жанындағы өрт 3,5 мың гектар орманды жойды. Өткен демалыс күндері қауіпті жерлерден 1200 адам эвакуацияланды. Сарагоса провинциясындағы Аньон-де-Монкайо муниципалитетінің аумағында 1,5 мыңнан астам тұрғын үйлерін тастап кетті.

Бүкіл Еуропа елдерінде өрт саны көбейіп, Ұлыбритания сияқты суық елдерге де әсерін тигізуде. Дүйсенбіде Суррей графтығында үй жанып кетті. Өрт сөндірушілер жануарларды құтқарып үлгерді. Ұзақ уақыт бойы аптап ыстық болған Суррейде қазір найзағай күтілуде.



Видеодан алынған кадр



Соңғы жаңалықтар